00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық жастар күніне орай елордалық жастар экосенбілікке шықты

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық жастар күніне орай елордалық жастар экосенбілікке шықты
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда қоғамдағы жастар қоршаған ортаға өз еріктерімен көмектесіп, оның жай-күйіне қамқорлық жасауда.

«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «30 игі акция» аясында елордалық жастар мен еріктілердің қатысуымен экосенбілік ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлер ұйымы қала маңындағы қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі табиғат — тіршілік көзі. Жалпы айтқанда биыл осы сынды сенбіліктердің 50-ден астамы өткізілді», — деді ерікті Олжас Хамитов.

Еріктінің айтуынша, экосенбіліктердің арқасында қаланың экологиялық жағдайы жыл сайын жақсаруда. Сонымен қатар оған тек еріктілер ғана емес, елорданың әрбір тұрғыны атсалысса қала көркейетінін жеткізді.

«Соңғы 10 жылдықта волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда халық бұл қызметке бейжай қарамайды. Себебі Президенттің өзі волонтерлікті қолдап, оның дамуына үлес қосуда. «Волонтерлік қызметтің маңызы неде?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, оның қоғамдық маңызы мен орны ерекше. Әсіресе, қоғамдық рөлі, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мен қайырымдылықпен айналысу елімізге жақсы жағынан пайдасын алып келеді. Қазіргі таңда қаламыз күн сайын өсіп, көркеюде. Соған қарамастан экологиялық жағдайды да ойлап, көшелердің тазалығына аса мән беру керек деп есептеймін. Сол себептен де бүгін біз волонтерлер ұжымы мен жастар экосенбілікке шығып, қаланың тазалығына аса мән берудеміз», — деді «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.

Аталған шараға еріктілермен қатар 20-дан аса ЖОО және ОАОО студенттері қатысып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.