00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада курьер үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада курьер үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, елорда тұрғыны үйіне курьер келіп кеткеннен кейін зергерлік бұйымдары жоғалғанын айтып, арыз түсірген. Логистикалық компанияның курьері зардап шегушіге тапсырыс бойынша балаларға арналған орындық жеткізіп берген. Үй иесі келесі бөлмеге кеткенде курьер тумбаның үстінде жатқан алтын бұйымдарды ұрлап үлгерген. Үй иесінің айтуынша, ұрланған алқа мен жүзіктердің жалпы құны 280 мың теңге болған.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 21 жастағы жігіт кінәсін мойындап отыр. Ал ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - делінген департаменттің баспасөз қызметі.