00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық оқушы шахматтан ел чемпионатында алтыннан алқа тақты

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушы шахматтан ел чемпионатында алтыннан алқа тақты
ашық дереккөз

"Шахматпен 10 жасымнан бері айналысып келемін. Бұл спорт түрін таңдауымның басты себебі - ойын барысында қызықты стратегиялар мен жоспарлардың болуы. Шахмат арқылы адам өз ісін жоспарлап, болжам жасауды үйренеді. Уақытын тиімді пайдалануға, алға қойған мақсаттарына жетуге икемделе түседі. Бұл ақыл-ой күресі бойынша қазіргі әлем чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсенді кумирім деп санаймын", - дейді жас зияткер.

Көптен күткен жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жүзден жүйрік шыққан шахматшылар қатысты. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Турнир регламентіне сәйкес, классикалық шахматтан "8", "10", "12", "14", "16" және "18" жасқа дейінгі жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары 2021 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.