00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық бойжеткен көшеде тұрып билеуді әдетке айналдырған

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық бойжеткен көшеде тұрып билеуді әдетке айналдырған
ашық дереккөз

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайт туралы хабар «102» шұғыл байланыс желісіне 5 тамыз күні кешкі 21.03-те түскен. Сол сәтте көше бойында 3 сағат бойы билеген қыздың есімі – Аида. 20 жаста екен. Польша университетінің халықаралық менеджментін онлайн режимінде оқиды. Жалпы, бойжеткен бос уақытында құлаққап киіп алып, көше қиылыстарында жиі билейтін болып шықты. Бұл әрекетін өзі «ешбір заңға қайшы емес» деп есептейді. Ал полиция өкілдері ол жолдағы көлік жүргізушілердің назарын өзіне аудару арқылы апат жағдайын туғызуы ықтимал деген ұстанымда.