00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда вакцина алған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда вакцина алған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады
ашық дереккөз

Әкімдіктің мәліметінше, байқау студент жастар арасында вакцинациялау арқылы COVID-19 таралуына қарсы күрес, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі. Сайыс жеңімпазы елордалық мәслихат депутаты Азамат Манасұлының басшылығымен жұмыс істейтін "Ідіріс Орынбасар атындағы қайырымдылық қорынан" 1 миллион теңге алады. 2-орынға – 300 мың теңге, 3-орынға – 200 мың теңге. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін "Арена fitness", "Winox" фитнес-залдарының танымал желілерінен және "Хлебный край" компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Байқау осы жылдың 5 тамызы мен 5 қазаны аралығында өткізіледі. Оған елорданың орта арнаулы (колледждер) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады.

«Шарттар өте қарапайым: ниет білдірген қатысушылар 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Google Forms арқылы Instagram @astana_jastary профилінің тақырыпшасына қатысуға өтінім жіберуі қажет. Содан кейін қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген егу пунктінде 5 тамыз бен 5 қазан аралығында екпе алуы тиіс. Ары қарай вакцинация нүктесінен шығармашылық бейне-challenge түсіріп, оны Instagram және Tik tok-та жастардың ең көп санына тарату керек. Жарияланымдардың астында челленджге қатысушылардың санын бақылау үшін #stopCovid #молодежьзавакцинацию #nsjastary #astanajastary хэштегтері көрсетілуі қажет. Байқау соңында ең көп таралымға ие бейнеролик авторлары (1, 2, 3-орын) ақшалай сыйлық алады. Байқау ережесінің шарттарымен Instagram парақшаларынан танысуға болады: @astana_jastary және @ns_jastary немесе WhatsApp +77471909693 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.