Түнде көше кезген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Тәртіп сақшылары аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар жиналатын басқа да орындарды тексерді. Осылайша екі күн ішінде полиция 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғынжайдың сыртында заңды өкілінсіз жүргені үшін 30 азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Жалпы жыл басынан бері полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны бойынша 2 600-ге жуық, ойын-сауық мекемелерінде болғаны бойынша 89 және ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені бойынша 53 адамды әкімшілік жауапқа тартқан.
Ұқсас жаңалықтар