00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолаушылардың бәрі бетперде таға ма: Елордалық автобустар тексерілді

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жолаушылардың бәрі бетперде таға ма: Елордалық автобустар тексерілді
ашық дереккөз

CTS көлік компаниясының мамандары автобустарға кіріп, жолаушылардың жолақысын тексеріп қана қоймай, бетперде режимінің сақталу-сақталмауын да қадағалады. Тексерушілер маскасын шешіп отырғандарға және оны дұрыс тақпағандарға ескерту жасады. [caption id="attachment_92995" align="alignnone" width="1024"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption] «Қазір рейдке жиі шығамыз. Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты қоғамдық көлікке кірген жолаушылар міндетті түрде бетперде тағу ережесін сақтауы керек. Бірақ кейбір жолаушылар маска тақпай кіреді. Сол себептен біз автобуста жүрген кезде «бетперде тағыңыздар» деп ескертеміз. Біз қазір маскаға қатысты жай ғана ескерту жасап жүрміз. Айыппұл салынып жатқан жоқ. Қазір жолаушылардың тең жартысы бетперде тақса, жартысы тақпай отырады немесе дұрыс тақпайды. Бірақ біз кірген бетте жылдам тағып ала қояды. Қазір қоғамдық көлікте дезинфекция жүргізіліп тұрады. Бірақ маска тағу адамның ауру жұқтыру қаупін азайтады. Адам көп жиналатын жерде барынша қауіпсіздік сақтаған абзал. Әрине, жолақысын да тексереміз. Өздеріңізге мәлім, қазір жолақы SMS, QR арқылы онлайн төленеді», - деді CTS компаниясы көлік бақылау департаментінің менеджері Алтынай Әлішбекова. [caption id="attachment_92993" align="alignnone" width="1024"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption] [caption id="attachment_92997" align="alignnone" width="1024"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]