«Жүректен жүрекке»: Елордада 100 отбасына азық-түлік себеттері таратылды
15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Жүректен жүрекке» акциясында көпшіліктің, еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және жалғызбасты жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік себеттерінде балаларға арналған тәттілер, отбасына қажетті дүниелер салынған. Біздің мақсатымыз – олардың өмірлерін түбегейлі өзгертпесек те, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аз да болса жақсы көңіл-күй әрі қуаныш сыйлау», - дейді акцияны ұйымдастырушы Алпамыс Шаримов.
Қайырымдылық акциясында Нұр-Сұлтан қаласының 100 белсенді жасы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасына сыйлыққа толы қорапша таратты. «Әкімдік пен еріктілерге азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, көмек көрсеткендеріңізге рақмет», - дейді жалғызбасты ана Ақтоты Нұрланқызы. «Бізді естен шығармайсыздар, осы жолы да көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Баршаңызға амандық тілеймін!» - деді еріктілерге риза болған тұрғын Нұрлан Ештайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
28 ақпан, 2024
Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты
23 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады
12 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдардың кітабы әлемдік баспадан жарық көрді
12 қаңтар, 2024
Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды