00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қайырымды істер марафоны»: Елордада 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қайырымды істер марафоны»: Елордада 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды
ашық дереккөз

«Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты», - деді басқарма басшысы.

Д.Бабамұратов елордалық еріктілердің атқарып жатқан игі істеріне тоқталып, олардың еңбегін ерекше бағалады.

«Қыста волонтерлер мұқтаж отбасылардың ауласын қардан тазартып, дәрі-дәрмегін жеткізіп берді. Мысалы, «Қайырымды істер марафоны» аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында әкімдіктің бастамасымен 2 мыңнан астам азық-түлік себеті үлестірілді. Ол көмекті егде адамдар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар алды. Бұл марафон жылдың аяғына дейін жалғасады. Оны арнайы айтып отырған себебіміз, 30 жылдық аясындағы қайырымды істерге тағы да демеушілер тартып, тек азық-түлік себетін таратумен шектелмей, жалпы мұқтаж отбасыларға жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді», - деді Дәурен Бабамұратов.