00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жасыл ел» құрамындағы елордалық жастар мыңдаған ағаш пен көшетті күтіп-баптауға атсалысты

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жасыл ел» құрамындағы елордалық жастар мыңдаған ағаш пен көшетті күтіп-баптауға атсалысты
ашық дереккөз

Биыл "Жасыл ел" еңбек жасағының XVII маусымы өткізілуде, ал көгалдандырылатын жердің жалпы ауданы шамамен 30 га құрайды, жастар қаладағы көшеттерге күтім жасап қана қоймай, қайың, қарағай, көктерек және терек көшеттерін суарып, қопсытады. Бағдарламаға үш жас санатындағы жастар қатысады. Бірінші топқа көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 14 жастан 17 жасқа дейінгі балалары, ал екінші топқа 17-22 жас аралығындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері кіреді. Үшінші санатқа 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар жатады. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар мектеп саябақтары мен скверлерді тазалау бойынша жұмыстарды істейді. Олардың жұмыс күні төрт сағаттан аспайды. Олардан үлкендер колледждер мен университеттердің саябақтарын көгалдандырумен айналысады. Үшінші санаттағы қатысушылар құрылыс алаңдарында, сондай-ақ "Астана орманы" кәсіпорнында толық жұмыс күні аяқталғанша еңбектенеді. "Жасыл ел" бағдарламасының төрағасы Марат Мұхамеджанұлының айтуынша, 64 мың теңге жалақыдан бөлек, жастар жұмыс берушіден тағы қосымша ақша алады. Олардың орташа табысы айына 200 мың теңгені құрайды. Еңбек жасақтарының жұмыс процесі өткен жылдағыдай санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жастар далада, таза ауада кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып жұмыс істейді. Маска мен қолғап кию талаптары да сақталады.