00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы Астана су арнасының қызметкерлері вакцина қабылдады

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы Астана су арнасының қызметкерлері вакцина қабылдады
ашық дереккөз

Астана су арнасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 1921 қызметкер жұмыс атқарады. «Бүгін де біздің кәсіпорын қызметкерлерінің 813-і вакцинаның бірінші компонентін, 758-і екінші компоненті қабылдады. Вакцина алған қызметкерлер арасында бәрінің жағдайы жақсы, ешкімде ауырсыну, асқыну сияқты кері әсерлер болмады», — деді Астана су арнасы МКК баспасөз хатшысы Назгүл Сыздықова. «Астана су арнасында қызмет атқарғаныма 5 жылдан асты. Бүгін вакцинаның екінші компонентін алудамын. Соның ішінде таңдауым Спутник- V вакцинасына түсті. Екі компонентті де қабылдау барысында ешқандай дене қызуы, жанама әсер болмады. Өзімді өте жақсы сезіндім. Вакцина қабылдаған соң да маска режимін сақтап, қауіпсіздік ережесіне бағынамын. Сонымен қатар, барлық Қазақтан тұрғындарын вакцина алуға шақырамын», — деді Астана су арнасы МКК бақылаушысы Әсемгүл Жүнісова. «Мен Астана су арнасында 10 жылға жуық жұмыс істеп келемін. Бүгін ұжыммен вакцинаның екінші компонентін алуға жұмылдырылып жатырмыз. Негізгі мақсат тек өзіміздің денсаулығымызды ойлаумен қатар, өзгелердің де қауіпсіздігіне мән беру. Сол арқылы біз Қазақстан халқынының болашақ тағыдырын ойлаудамыз», —деді Астана су арнасы МКК жүргізушісі Сәкен Сабиров. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сай елде коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 4 млн 965 мыңнан асты. Ал екпенің алғашқы компонентін 2 млн 907 мыңнан аса адам салдырды.