Құрбан айтта көпшілік жиындардан бас тартыңыздар – елорданың бас санитар дәрігері
15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Нұр-Сұлтанда өткен жылғыдай орын алған Covid-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай Құрбан айт мерекесін толық көлемде атап өтуге мүмкіндік бермей жатқанын көріп тұрмыз. Қалада соңғы үш күнде тәулігіне мыңнан астам коронавирус жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 1 549 жағдай тіркелген. Өсім 1,9 пайызды құрады. Соңғы аптада Covid-тің 7 989 жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы аптадан 44,23 пайызға жоғары. Жағдайлардың орташа тәулікте тіркелуі 950-ден 1 550-ге дейін өсті. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 540,7-ден 670,2-ге дейін өсті. Күрт өсудің негізгі себептері бұрынғыдай – халықтың шектеу талаптарын сақтамауы, бетперде киюді ескермеуі. Жоғарыда айтылғандармен қоса, қала тұрғындары арасында коронавирус ауруының сақталып отырған жоғары деңгейін ескере отырып, Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мұсылмандар мерекесі күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулыға қол қойылды. Біз тұрғындарды жақындары мен туыстарына айттап барудан, көпшілік жиындардан бас тартуға шақырамыз. Бұл шаралар тұрғындар арасында ковидті жұқтыру және таралу қаупін болдырмау үшін қабылданды», - деді Бейсенова «Карантин жағдайында Құрбан айт мейрамын өткізу» атты онлайн брифингте.
Бұған дейін Құрбан айтта елорда мешіттерінде айт намазы оқылмайтынын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
28 ақпан, 2024
Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты
23 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады
12 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдардың кітабы әлемдік баспадан жарық көрді
12 қаңтар, 2024
Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды