00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Cұлтан мекемелері түн ортасынан кейін де келушілер қабылдауды тоқтатар емес

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Cұлтан мекемелері түн ортасынан кейін де келушілер қабылдауды тоқтатар емес
ашық дереккөз

Қала мекемелері ескертулер мен әкімшілік жауапқа тартылғанына қарамастан жұмыс режимі, әлеуметтік қашықтық әрі бетперде режимі секілді шектеу шараларын елемей отыр. Өткен тәулікте, яғни 2 шілде күні мониторингтік топтар 8 нысанда шектеу шаралары бұзылғанын анықтады. Ал Есіл ауданында орналасқан Veranda мейрамханасы және Just Smoke бары өздеріне белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді. Сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы «Для Своих» бары мен «Стамбұл» кафесі түн ортасынан кейін де жұмысын тоқтатқан жоқ. Алматы ауданында «Ақшаұлы» мейрамханасында, «Джентельмен» кинорумында, Local pub барында карантин тәртібі бұзылғаны анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына жіберілді.