Темір Спатаев мас-рестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мас-рестлинг – дене, қол мен аяқ бұлшықеттері үшін аса пайдалы. Білек күшін арттырады. Адамды тез шешім қабылдау мен жылдам ойлауға машықтандырады. Дененің шымыр болып қалыптасуына көмегін тигізеді. Аталмыш спорт түрінен әлем чемпионаты Өзбекстанның Хиуа қаласында 7-21 маусым аралығында өтті. Оған тоғыз мемлекеттің спортшылары қатысты. Темір Спатаев – қазақ еліне танымал спортшы, рекордсмен. Жұрт арасында «темір адам» деген лақап атпен танымал. Ол армрестлингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері. Сонымен қатар ол жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Темір» аула клубының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
28 ақпан, 2024
Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты
23 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады
12 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдардың кітабы әлемдік баспадан жарық көрді
12 қаңтар, 2024
Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды