00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттері берілді

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттері берілді
ашық дереккөз

Әр қорапта отбасы үшін шамамен 50 келі азық-түлік бар. Оған мынадай қажетті өнімдер кіреді: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер, барлығы 50 000 кг-нан астам өнім, бұл 50 тонна азық-түлік көмегі. Ауқымды қайырымдылық «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген жанашыр азаматтарын біріктірді. «Халық» қайырымдылық қоры аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға азық-түлікпен қамту көмегін көрсету бойынша «Ел тірегі-ЕЛБАСЫ» акциясын жалғастыруды жоспарға алды.