00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көшпелі бригадалар еңбек ұжымдарын қалай вакциналайды?

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көшпелі бригадалар еңбек ұжымдарын қалай вакциналайды?
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, қаладағы 100-ден астам егу пунктінен басқа, еңбек ұжымдарын вакциналауды көшпелі бригадалар да жүргізеді. Күніне орта есеппен бір бригада 100-ге жуық адамды вакциналайды. Бүгін мобильді вакцинация тобы Sine Tempore сауда үйіне шықты. Мұнда қызметкерлерден бөлек, сауда орталығының жалға алушылары да келіп жатты. «Вакцина алғаныма біраз уақыт болды, тиісінше қызметкерлерімді де үгіттеп келдім. Мобильді вакцинация топтарының арқасында иммундаудан өттік. Бұл өте ыңғайлы, жұмыс уақытымыз бөлінбейді, ешкім ешқайда кетпейді», - деді Sine Tempore АҚ президенті Татьяна Цой. Вакцина алғандар өздерін жақсы сезініп отырғанын айтты. Олардың көпшілігі екпе алу туралы шешімді ойланып барып қабылдаған екен. «СОО-ға мобильді вакцинация келеді деп хабарлады. Ойланбастан тіркелдім. Себебі, бұл инфекцияны өзім жұқтырғанмын, қаншалықты қауіпті екенін де жақсы білемін. Бұл қауіптен қорғанған жөн», - деді елорда тұрғыны Сайрангүл. Айта кетерлігі, вакциналауға белсенді түрде шақыратындар арасында коронавируспен ауырғандар көп. Себебі олар вируспен ғана емес, оның салдарымен де күресу қаншалықты қиын екенін біледі. «Вакцинациядан кейін өзімді жақсы сезінемін. Бұл індетті осыдан төрт ай бұрын жұқтырғанмын. Екінші рет жұқтырғым келмейді. Еліміздің барлық азаматын вакцина алуға шақырамын. Бұл бізді коронавирустан қорғайды», - деді сауда үйінің қызметкері Арбен Джори. «Отбасымда бәрі екпе алды. Ал өзім көптен бері үрейленіп жүріп, енді ғана шешім қабылдадым. Вакцинаны бәрі алғанын қалаймын», - деді СОО қызметкері Татьяна Морозова. Вакцинация – бұл ұжымдық иммунитетті дамытудың және әдеттегі өмірге оралудың жалғыз тәсілі. Еуропа елдері мен футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатының (жартылай жанкүйерге толған стадиондар) тәжірибесі індетті жеңуге болатынын көрсетеді. Вакциналанған азаматтардың санын көбейту керек. Медицина қызметкерлері елорда тұрғындарының вакцинацияға дайын екенін айтты. «Наурыз айынан бастап вакцинациялау үшін еңбек ұжымдарына барып жүрміз. Күніне екі рет баратын кезіміз болады. Орташа есеппен 50-ге жуық адам вакцина алуға келеді. Кейде одан да көп болып жатады. Біздің емхананың өзінде үш мобильді топ бар. Өтінімдер ірі зауыттардан, әуежайлардан және вокзалдардан, сондай-ақ шағын компаниялардан түсіп жатады. Вирустың жаңа қауіпті штаммы пайда болғанын, оның мутацияланғанын ескерер болсақ, вакцинациядан бәрі өтуі қажет. Бұл халықтың азаматтық борышы», - деді №14 емхана бөлімшесінің меңгерушісі Есбол Омаров. Оның айтуынша, елорда әкімдігі жүргізген жұмыстың нәтижесінде вакцина алуға келетін жұрттың қатары көбейе бастады. Қала тұрғындары вакцинация мәселесінде өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде көрсетіп, иммундаудан өтіп жатыр. Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізілетінін хабарлаған болатын. Оған вакцинаның бірінші компонентін 25 маусым мен 31 тамыз аралығында алған азаматтар ғана қатыса алады. Сондай-ақ қала тұрғындарын жаппай вакциналауға ынталандыру үшін елорда кәсіпкерлері екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын өткізіп жатыр. Мысалы, «Азия Парк», Mega Silk Wa», «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-ларында тұрмыстық және компьютерлік техника түрінде бағалы сыйлықтар ойнатылып, жеңілдік купондары беріледі. Айта кетейік, бүгінде елордада 230 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 152 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.