00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық ХЖҚО инфрақұрылымдық объектілерде жұмысқа орналасуға көмектеседі

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық ХЖҚО инфрақұрылымдық объектілерде жұмысқа орналасуға көмектеседі
ашық дереккөз

Елорда тұрғыны ЖҚЖК шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық объектілерде жұмыс істей отырып, астананы салуға, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді қатыса алады. Мамыр айында Тәшенов Мереке Закариянович жұмыс іздеп елордалық орталыққа жүгінді. Онда ол жұмыспен қамту жол картасы бойынша жүзеге асырылатын жобаларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы естіп, бағдарлама бойынша жұмыс істеуге келісті. «Мен жұмыс іздеп елордалық жұмыспен қамту орталығында жүгінген болатынмын. Қазіргі кезде Талдыкөл көлінің оңтүстік-батысында рекреациялық аймақтар салуға "GREENTECH" ЖШС-не электрик болып жұмысқа орналастым және тұрақты жалақым бар. Барлық жұмыс іздеп жүрген қарапайым халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге шақырамын. Және өз атымнан жұмыс берушілерге алғысымды айтамын», - деді ол. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша еңбекақы мөлшері 85 мыңнан 250 мың теңгеге дейін құрайды. ЖҚЖК аясында нысандарға жұмысқа орналасу үшін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына» жүгіну қажет.