00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада карантинге қарамастан 100 адамға арналған той өтті

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада карантинге қарамастан 100 адамға арналған той өтті
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, кеше, яғни 27 маусым күні қалада карантин режимін бұзған 5 мекеме анықталды. Есіл ауданында орналасқан Portofino мейрамханасында 100 адамға арналған той өтті. Мекемеде қалалық санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеу шаралары сақталмаған. Алматы ауданындағы «Бақ сарай» мейрамханасында да 100 адам қатысқан шара өтті. Сол сияқты «Ешь, пей» барында әлеуметтік арақашықтық бұзылған. Карантин режимін бұзғаны үшін Байқоңыр ауданындағы «Мустанг» кафесі мен Сарыарқа ауданындағы «Панаехали» барының қызметкерлері бетперде кимегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты елорда әлі де «қызыл» аймақта. Бұған қоса науқастар арасында тез таралып, иммунитетті әлсірететін коронавирустың үнді штаммы анықталды. Қазіргі жағдайға байланысты қала тұрғындары және қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлер дәрігерлердің нұсқаулары әрі санитарлық нормалардың бәрін қатаң түрде сақтауы тиіс.