00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Керуенде» кәсіпкерлер екпе алды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Керуенде» кәсіпкерлер екпе алды
ашық дереккөз

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 1,8 млн адам алды. «Бүгін біздің ұжымның 100- ге жуық қызметкерлері өз еркімен екпе алды. Мен өз атымнан басқа да кәсіптегі, және тамақтану орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлерді екпе қабылдауға шақырамын. Біз тезірек бұрыңғы қалыпты өмірге қайта оралғымыз келеді. Бетпердесіз көшеде, басқа да жерлерде емін-еркін жүрсек екен деймін. Вакцинацияға қатысты жалған сөздерге мән бермеу керек деп ойлаймын. Қазақстанның әр азаматы екпе алып, өз денсаулығын сақтауға ұмтылу арқылы өзге де адамдарға көмектеседі», — деді «Okadzaki» тамақтану желісінің әкімшісі ЗуфарТоқжігітов. Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 142,5 мың адам толық иммундаудан өтті. Басқарма қоймаларында вакциналар қоры жеткілікті. «Мен «Okadzaki» тамақтану желісінде кассир болып жұмыс істеймін. Біз елордада жүріп жатқан эпидемиялогиялық жағдайдың ауыр екенін түсініп, жастар мен еріктілердің вакцина қабылдап жатқанын көріп, өзіміз де үлесімізді қоссақ деген шешім қабылдадық. Біздің ұжымда 100-ден аса қызметкер жұмыс жасайды. Олардың барлығы өз еркімен вакцина алуға келісім берді. Біздің қызмет көпшілікпен байланысты болғандықтан қауіпсіздік шарасы ең алдыңғы кезекте. Сонымен қатар өзімізбен қатарлас әріптестерімізді де вакцина алуға шақырамыз», — деді Ақдидар Саяхат. Айта кету керек, елордада қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылуда. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов екі бөлмелі пәтердің ұтысы өтетінін жариялаған болатын.