00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Есірткімен күрес күні: полиция онлайн концерт пен ұтыс өткізеді

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есірткімен күрес күні: полиция онлайн концерт пен ұтыс өткізеді
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, 26 маусым күні полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының YOUTUBE арнасында халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған мерекелік концерт өтеді. «Менің таңдауым – менің болашағым» онлайн-концерт бағдарламасында командалардың музыкалық қойылымдары, қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының құттықтаулары, викториналар, сондай-ақ портативті зарядтағыштар мен сымсыз құлаққаптары бар жүлделердің ұтыс ойыны бар. Онлайн-шара сағат 17:00-де басталады. Сонымен қатар TikTok-та арнайы челлендж іске қосылып, оған қатысушылар смартфон ұтып ала алады. «Өз TikTok каналыңа «мен есірткінің орнына (өз нұсқамды) таңдаймын» деген тақырыппен қысқа видео түсіріп, #меніңтаңдауымменіңболашағым хэштегін қою арқылы телефон ұтысының ойынына қатысыңыз. Ең көп лайк жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының YouTube арнасында өтетін концерттің тікелей эфирінде онлайн дауыс беруге қатысады», - делінген хабарламада. Бұл жағдайда ұтыс ойыны кезінде қатысушылардың аккаунттары ашық болуы керек. Жабық, бұған қоса негізінен конкурстар мен лотереялардың репосттары бар бос аккаунттар конкурсқа қатыса алмайды.