00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәдениеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті қалыптастырудағы орны қандай?

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәдениеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті қалыптастырудағы орны қандай?
ашық дереккөз

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Antikor ortalygy алаңында Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы Айнұр Жүгінісова мен Astana-adaldyq alany жобалық кеңсесі басшысы міндетін атқарушы Бақдәулет Жанділдаевтың қатысуымен «Мәдениеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті қалыптастырудағы орны» тақырыбында тікелей эфир өтті. Актриса шығармашылығы, жеке өмірі және сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасы туралы сұрақтарға жауап беріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастырудың маңызы туралы айтты. Жүгінісова мәдениет ежелден қоғамда құндылықтардың пайда болу ошағы болып саналатынын да атап өтті. Ал театр парасаттылық, адалдық, әділдік сынды жеке қасиеттердің қалыптасу алаңдарының бірі екенін айтты. Спикер салауатты өмір салтын ұстануға, көп кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға кеңес берді. Antikor Live жобасы - белгілі тұлғалардың қатысуымен парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің интерактивті форматы.