00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сарыбұлақ өзенінің жағасы тазаланды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыбұлақ өзенінің жағасы тазаланды
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» кәсіпорнымен бірлесіп, Қарасай батыр көшесінен Сарыбұлақ өзенінің жағасына дейінгі аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тазалық жұмысы барысында 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қоқыстың негізгі бөлігі тұрмыстық қалдықтар мен полимерлерден тұрады. Полимерлерге пластик, пластик пакеттер, бөтелкелер, тамақ контейнерлері, торт қағазы әрі т.б. жатады. Полимердің қоршаған ортаға және адамдарға тигізетін зияны аз емес. Ол ең алдымен өздігінен ыдырамайды, улы зат бөліп шығарады. Осы арқылы тірі ағзаға зиян келтіреді. Полимердің жануы тіптен зиян. Олардың құрамында 70-тен астам жоғары уытты әрі канцерогенді зат бар. Бұл жұмыстың маңызы – су беті мен оның аумағын қоқыстан тазарту ғана емес, сондай-ақ экология және қоршаған ортаны сақтау бойынша жүргізіліп жатқан амалдың бір бөлігі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын табиғат аясында демалысқа шыққанда тазалық әрі тәртіпті сақтауға, қоқыс қалдырмауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды тек қоқыс контейнерлеріне немесе қоқыс жәшіктеріне тастауға шақырады.