00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еріктілер екпе алды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еріктілер екпе алды
ашық дереккөз

Қалалық жастар орталығының жанынан құрылған штаб мүшелері үнемі халықтың арасында жүріп, әлеуметтік еріктілік қызмет көрсетеді. «Біздің штабтың 2000-ға жуық мүшесі бар. Бүгінде олардың жартысынан көбі екпе алды. Осы әрекетімізбен біз жастарды өзінің және өзгенің саулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Сондай-ақ көпшілікті екпе алуға үндеу мақсатында әлеуметтік желіде түрлі бейнероликтер, посттар жариялап тұрамыз. Біздің штаб мүшелері пандемия кезінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратумен айналысты. Қазір де елордалық еріктілер мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын», – дейді штаб мүшесі Бахтияр Есентаев. Abu Dhabi Plaza сауда ойын-сауық орталығындағы вакциналау пункті 22 сәуірден бері қызмет көрсетеді. Мұнда екпе алғандар арасында түрлі байқаулар да тұрақты ұйымдастырылып тұрады.