00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада карантин күшейеді: пациенттердің көбінде үнді штаммы алдын ала расталды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада карантин күшейеді: пациенттердің көбінде үнді штаммы алдын ала расталды
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы анықталды («Дельта» штаммы). Мутацияның жаңа түрі ең жұқпалы және тез таралады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі. Коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен өткен қалалық штаб отырысында қаралды. «Қалада аурудың күрт өсуін тіркейміз. 54 науқастан алынған сынаманың алдын-ала талдауы олардың 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы бар екенін көрсетеді. Мутацияның жаңа түрі ең қауіпті. Өйткені өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. Ал 39%-ы британдық штаммға ие. Пациенттердің 80%-дан астамында (үнді, британдық штаммдар) клиникалық көріністер бар. Оның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды, 20%-ында симптомдар жоқ, оның ішінде 1 науқас ауруханаға жатқызылды. Көпшілігі – дәрігерге көрінген. Сырттан келген алты науқас бар: Ресей, Ауғанстан, Түркістан, Ақмола облысы – 2, ШҚО», - деді елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова. Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің, құрылыс компанияларының басшыларымен, мектеп/балабақша, колледж, СОО/СҮ/базар директорларымен, ҮЕҰ және басқа да ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Жұрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарын вакциналау қажеттілігі айтылды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру кезінде ғана олардың қызметі тоқтатылмайды. Егілгендердің саны аз болған жағдайда, осы нысандағы жұмыстар тоқтатылады. Үнді штаммының жұқпалы және тез таралатынын ескере отырып, қалада қосымша шектеулер енгізіледі.