00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда «Ашық аспан астындағы кітапхана» жалғасты

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда «Ашық аспан астындағы кітапхана» жалғасты
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, шараны ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Даулеткерей Кәпұлы ашты. «Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау. Келесі айда осында ашық аспан астындағы кітапхана бой көтермек. Әр сенбі сайын бұнда ақын-жазушылардың оқырмандармен кездесулері ұйымдастырылып тұрады. Жалпы ел астанасында әдебиет пен мәдениеттің, руханияттың үлкен ордасы қалыптасып келе жатыр», – деді Даулеткерей Кәпұлы. Өз кезегінде Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев қала тұрғындарының рухани, мәдени сұранысын өтеуге бағытталған осындай шаралардың ұйымдастырылуын қолдауға дайын екенін жеткізді. Шара барысында Олжас Қасым, Ұларбек Дәлей, Алпамыс Файзолла сынды ақындар өлең оқыды. Ал дәстүрлі әнші Күнсұлу Түрікпен әсем әннен шашу шашты. Байқоңыр ауданының тұрғындары әрі Абай, Жамбыл атындағы мектептердің оқушылары қатысқан жиында №2, №5 балалар кітапханалары көрме ұйымдастырды.