00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тұрғындар қай мәселені жиі көтереді?

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тұрғындар қай мәселені жиі көтереді?
ашық дереккөз

«2019 жылдың екінші жартысында – 721 адам, 2020 жылы – 1005 адам, биылғы жарты жылда 221 қала тұрғынын жеке қабылдадым. Қабылдаулар әр жұмада тұрақты түрде өткізіледі. Және қабылдаулар қала басшылығының барлығының тарапынан жүзеге асады. Мәселен, 2020 жылы орынбасарларым жеке қабылдауларында 3100 адамды қабылдаған. Ең көп көтерілетін сұрақтар – әлеуметтік көмек түрлері, баспана, бизнес бастау және жеке өтініштер. Әрбір мәселе – жеке бақылауда. Себебі бұл – мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының ең басты алғышарты. Әр азаматтың жеке мұқтажын шешу арқылы қоғамдағы күрмеулі сұрақтардың алдын аламыз, шешімін табамыз. Сонымен қатар қала тұрғындары көтерген әр мәселе толық шешілуі үшін отбасы институтын қолдауға бағытталған «Жанұя» орталығына тек осы жылдың басынан бері әртүрлі сұрақпен 23 580 азамат келген. Біздің сараптау бойынша келушілердің ең көп көтеретін мәселесі – баспана жайы, сол себепті былтыр арнайы Тұрғын үй орталығын аштық. Биыл бұл орталыққа тиісті сұрақтарымен 5 мыңнан аса адам келіп үлгерген», - деді әкім «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.