00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтоты Райымқұлова Халықаралық мәдениет жəне Дүниежүзілік өнер күнімен құттықтады

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтоты Райымқұлова Халықаралық мәдениет жəне Дүниежүзілік өнер күнімен құттықтады
ашық дереккөз

"Сіздерді 15 сəуір - Халықаралық мәдениет жəне Дүниежүзілік өнер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мəдениетті қорғау халықаралық лигасының ұсынысымен 1998 жылдан бері бүгін атап өтілетін атаулы күннің шынымен мəні зор. Адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі өнерге арнап арнайы күн белгілеу 2012 жылдан бастау алады. Еліміз Тəуелсіздік алып, еңсе тіктегелі бері мəдениет пен өнерге ерекше ден қойып келеді. Береке-бірлікке жаны құштар, ар-әділетті ту тұтқан халқымызды дамудың даңғыл жолына бастаған Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында: «Мәдениет пен өнер - қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды»,-деп қос саланың жіті назарда болатынын айтқан еді. Тəу етер Тəуелсіздіктің 30 жылдығы ішінде сындарлы кезеңдерге, қиыншылықтарға қарамастан аталған салаларда қыруар жұмыс атқарылды.  Лайым ізгілік пен жаңашылдық жолындағы еселі еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін. Мəдениет пен өнердің көкжиегін кең болсын!"-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.