Онлайн-сауданың жұмыспен қамтуға әсері бар ма – Мархабат Жайымбетов

Бүгін, 17:18
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Онлайн-сауданың жұмыспен қамтуға әсері бар ма – Мархабат Жайымбетов
Фото: freepik

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге осы туралы сұрады, деп хабарлады Elordainfo.kz

«Онлайн-бизнестің шағын бизнес өкілдеріне зор мүмкіндік беретінін жақсы түсінеміз. Яғни шағын бизнеске дүкен ашпай-ақ арендаға адмай-ақ, витриналарға қосымша ақша жұмсамай-ақ нарыққа шығуға және сатып алушыларды табуға мүмкіндік береді. Шығын азайып, табыс табуға жағдай жасалады. Қарапайым тұрғындар үшін де онлайн тапсырыс беру ыңғайлы. Қажетті затты үйден шықпай-ақ сатып алып, уақытты үнемдеуге болады. Алайда интернет арқылы сауда жасау оңай болғанмен, кей адамдар онлайн-дүкендерге әлі сене бермейді. Көпшілік әлі тауарды көзімен көріп, қолымен ұстап алғанды қалйды. Мұны да түсінуге болады. Осыған орай онлайн-сауданың дамуының қандай перспективаларын көріп отырғаныңызды білгіміз келеді», - деді депутат.  

Сондай-ақ ұлттық экономика министрлігінің осы саланың елдегі жұмыспен қамтуға, халықтың табыс деңгейіне және басқа да маңызды көрсеткіштердің әсерін сұрады.

«2020 жылдан бастап салыстырғанда қазіргі уақытта осы электрондық сауда көлемі 7 рет ұлғайды. 476 млрд теңгеден 3,2 трлн теңгеге дейін. Қазіргі уақытта біздің сауда-саттықтың көлемді үлесі осы электрондық сауда-саттықтың 14,1 пайызына жетті. Сондықтан бұл - сауданың өте маңызды сигменті. Ал жұмыспен қамтуда елеулі өзгерістер күтіле ме дегенге келсек, электрондық сауда-саттықтық бойынша жаңа жұмыс орындарын құру көзделмеген. Мысалы, декларация тапсырғанда қызметкерлер саны артуы мүмкін, бірақ жұмыспен қамтамасыз етуді көп күтпейміз», - деп жауап берді С.Жұманғарин.