Тазабек CISM әлем чемпионатында «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

15 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views101
Тазабек CISM әлем чемпионатында «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен алғашқы CISM әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара қонақтарының арасында – алып қуыршақ Тазабек те бар. Ол қала тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық акцияны насихаттап жүр.

«Таза Қазақстан» акциясының символына айналған Тазабек спорттық додада нағыз жұлдыз болды – астаналықтар оны құшақтап, суретке түсіп, бастаманы ерекше ықыласпен қолдады.

Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Таиланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла және Иран елдерінен келген қонақтар да Тазабекті ыстық ықыласпен қарсы алды.

Айта кетейік, экологиялық кейіпкер бұған дейін де Астанада өткен ірі жиындарға белсене қатысқан. Тазабектің басты мақсаты – қоғамдық орындарда тазалықты сақтау және экоакцияны кеңінен насихаттау.