00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Таза Қазақстан: Полицейлер 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

14 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Таза Қазақстан: Полицейлер 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында Астана қалалық Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу шараларын жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Акция басталғаннан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыруды бұзғаны үшін 28 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты әкімшілік жаза салынды. Сонымен қатар рұқсатсыз қоқыс шығарғаны және ағынды суларды төккені үшін 420-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, кәріз көлігінің жүргізушісі елордада ағынды суды заңсыз төккен. Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды.   

Астана қалалық Полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады.

«Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс және басқа да қалдықтарды сақтауды көрген болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлаңыз. Мүмкіндігінше құқық бұзушылықты, автокөліктердің нөмірін істі қарау кезінде дәлел ретінде пайдалану үшін смартфонға немесе басқа құрылғыға жазып алуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.