Қос аяғынан айырылған баланың жағдайына қатысты соңғы ақпарат шықты

Қос аяғынан айырылған баланың жағдайына қатысты соңғы ақпарат шықты
Фото: Instagram/azharginiyat

Жол-көлік оқиғасынан қос аяғынан айырылған баланың жағдайына қатысты Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының басшысы Ажар Ғиният өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жақында Алуа туралы жазып, біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтуді ұсынғанымызды жеткізген едім. Кеше Алуа анасымен бірге орталығымызға келіп түсті. Қазіргі кезде бала өте тұйық, бейтаныс адамдарға, әсіресе медициналық киімдегі мамандарға сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан алғашқы күндері онымен тек психологтар мен физиотерапевттер жұмыс істеп жатыр. Жағдайына қарай біртіндеп дефектолог, ойын терапевттері, ЛФК нұсқаушылары және басқа да мамандар қосылады. Алуаның анасы, Махаббат ханым, қазіргі уақытта қандай да бір пікір беруге дайын емес. Бұл шешімін толық түсініп, құрметтейміз. Баланың жағдайына қатысты ақпарат тек анасының келісімімен, орталығымыздың баспасөз қызметі арқылы ұсынылатын болады», - деді Ажар Ғиният.