«Көз жасын тежеу мүмкін емес»: астаналық дәрігер обырдан жазылған жасөспірімнің видеосын жариялады


Астаналық балалар онкологі Райгүл Нүсіпова обыр ауруын жеңіп шыққан жасөспірімнің ауруханадан шығу сәті бейнеленген видеоны жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Видеода жаман аурудан айыққан науқас ауруханадан шығарда сыңғырлатар символикалық қоңырауды қағып, дәрігермен құшақтасып қоштасты.
«Сөздің керегі жоқ сәт. Чемпионның ауруханадан шығуы. «Ремиссияң тұрақты болсын, жарқын болашақ тілейміз саған, Илья» деп жазды дәрігер.
Ал жүрек тебірентерлік сәтті тамашалаған көпшілік Ильяға шын жүректен сәттілік тілеп, жарқын жазбалар қалдырды.
«Жарайсың! Өміріңдегі ең қиын сәттерден қайсарлықпен шыға білдің. Зор денсаулық тілейміз, тек алға!», «Қуанып жылап отырмын. Денсаулығың мықты болсын! Райгүл, жарайсың!», «Осы видео үшін рақмет. Көз жасын тыйып ұстап тұру - мүмкін емес. Біз, дені сау адамдар бақытты екенімізді ұмытып, жиі өмірге өкпе айтатынымызды айтсаңшы!» деп жазды оқырмандар.