Елордалық дәрігер антиретровирустық терапияға бейілділіктің маңызын түсіндірді


Адамның иммун тапшылығы вирусы кезінде ем қабылдауға деген бейілділіктің төмен болуы емдеудің клиникалық пайдасын азайтып, жағымсыз нәтижеге әкелуі мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz.
АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру, иммундық жүйенің спецификалық зақымдануымен сипатталатын антропонозды созылмалы инфекциялық ауру, оппортунистік инфекциялар мен қайталама қатерлі ісіктердің дамуымен қатар жүретін жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкеледі.
АРТ – АИТВ-инфекциясын емдеудің өмір бойы әдісі, ол біріктірілген АРВ препараттарын, бір тәулік ішінде бір рет тұрақты қабылдаудан тұрады.
Ем қабылдауға деген бейілділік – пациенттердің дәрі-дәрмекті қабылдаған кезде дәрігердің уақыты, жиілігі және дозасы туралы нұсқауларын орындау дәрежесі.
Емдеуге жеткіліксіз бейілділіктің болуы емдеудің клиникалық пайдасын азайтып, жағымсыз нәтижеге әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар жеткіліксіз бейілділік аурудың эпидемиологиясына – жыныстық серіктестерді жұқтыру қаупіне теріс әсер етуі мүмкін.
Жеткіліксіз бейілдіділіктің екі түрі бар:
- байқаусызда – пациенттің бақылауынан тыс себептер;
- қасақана – пациенттер емдеуді қабылдамау немесе аяқтау туралы шешім қабылдаған кезде.
Бейілділіктің байқаусызда болмауының себептеріне:
- пациенттің дәрі-дәрмекті кестеге сәйкес қабылдауды ұмытып кетуі;
- пациенттер (әртүрлі себептермен) дәрі-дәрмектерге уақытында келе алмауы;
- статусын ашудан қорқу;
- дәрі-дәрмекті қабылдау кезінде құпиялылықтың болмауы жатады.
Қасақана бейілділіктің болмауы себептеріне:
- пациенттердің ауру мен емдеу туралы жеткіліксіз түсінікке ие болуы;
- пациенттердің көзқарастары;
- пациенттер емдеуді қажет етпейді деп ойлауы (мысалы, әл-ауқаттың жақсаруына байланысты; препараттардың кез келген жанама әсерлерінің көрінісі; АРВ препараттарын қабылдау жиілігі);
- пациенттердің жанама әсерлерден қорқуы;
- өздерінің статусына сенбеуі жатады.
Емдеуге бейілділік пациенттер мен денсаулық сақтау мамандарына байланысты. Пациент келген кезде (анықталмайтын ВЖ нәтижесін алғанға дейін) әңгімелесу жүргізу қажет:
- дәрілік препаратты қолдану әдісін біледі ме;
- АРТ схемасы туралы толық ақпарат берілді ме;
- дәрілік препаратты күн сайын қабылдайды ма;
- вирусқа қарсы препараттарды қабылдау туралы мағыналы шешім қабылдады ма;
- препараттың ықтимал жанама әсерлері туралы жеткілікті ақпарат берілді ме;
- жыныстық серіктеске жұқтыру қаупі, міндеттеме болмаған жағдайда хабардар етілді ме тақырыптарында әңгімеселу жүргізу қажет.
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
АРТ – антиретровирустық терапия
ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы
AРВ – антиретровирустық препараттар
ВЖ – вирусологиялық жүктеме
Астана қаласы әкімдігінің
«АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК
инфекционист дәрігері М.К. Абдумананова



