Президент Әкімшілігінде екі бөлім меңгерушісі тағайындалды

Бүгін, 14:36
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views54
Президент Әкімшілігінде екі бөлім меңгерушісі тағайындалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Нұрлан Байбазаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жандос Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.