00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бүйрек патологиясын анықтау бойынша ашық есік күні өтеді

22 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бүйрек патологиясын анықтау бойынша ашық есік күні өтеді
Фото: Gov.kz

24 маусымда Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында бүйрек және несеп шығару жолдарының обырын ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын төмендегі жетекші   онкоуролог дәрігерлер қабылдайды:

- Құрманов Талғат Аманжолұлы, м. ғ. к., магистр, PhD, дәрігер уролог, онкоуролог, хирург, онкоурология секторының аға ординаторы;

- Мұғалбеков Шалқарбек Бәкірұлы, жоғары біліктілік санатты дәрігер, онкоуролог, хирург;

- Мұстафинов Дәурен Дулатұлы, онкоуролог дәрігер, медицина магистрі;

- Кубеев Жанқуат Тұрсынұлы, уролог-андролог дәрігер, онкоуролог.

Сондай-ақ, онкологиялық обырды (бүйрек обыры, қуық асты безі және қуық, аталық без обыры) белгілерін ерте анықтау бойынша консультация беріледі.

Консультацияға 18 жастан асқан азаматтар шақырылады.

Егер сізде:

- бүйрек ауруы, гесептегі қан қоспасы, түсініксіз этиологиядағы анемия, несеп шығару проблемалары (ауырсыну, ыңғайсыздық және т. б.);

- аталық без немесе ұма аймағындағы ауырсыну немесе ыңғайсыздық (ісіну, ісік және ауырлық сезімі, іштің және арқаның төменгі бөлігіндегі ауырсыну, ұмадағы сұйықтық және т.б.).

Өтініш білдіргендер Ұлттық ғылыми онкология орталығының көпбейінді хирургия орталығының онкоуролог дәрігерлерінен тегін консультация ала алады.

Қабылдайтын күні сізде жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындылары болуы керек.

Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 702 - 911, 702 - 900, жұмыс күндері сағат 08:00 - ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері.