00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Иммунитетті көтеруде эмоционалды тыныштықты қамтамасыз еткен дұрыс – маман

20 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Иммунитетті көтеруде эмоционалды тыныштықты қамтамасыз еткен дұрыс – маман
Фото: Pixabay

Ауа райының салқындауына  байланысты күз мезгілдерінде ЖРВИ және басқа инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғарылайды.Сондықтан, қазіргі мезгілде денсаулықты нығайтып, иммунитетті көтеру маңызды. Республикалық алғашқы медициналық -санитариялық көмек көрсету орталығының Салауатты өмір салтын сақтау дәрігері Гүлмира Иманбаева ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы қорғанышын қалай көтеруге болатынын айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мұндай жағдайда көбірек таза ауада тыныстап, жаттығулар жасап, қанайналымын реттеген дұрыс. Бұған қоса денсаулыққа кері әсерін тигізетін жағымсыз әдеттерден арылу арқылы ағзамызға көмектесе аламыз.

Қандайда да аурудың белең алуына адамның психо-эмоционалдық жағдайы да әсер ететіні белгілі. Сондықтан адам өзіне эмоционалды тыныштықты қамтамасыз еткен дұрыс. Салауатты өмір салтын сақтап, күнделікті толыққанды 7-8 сағаттық ұйықтау да кейбір кеселдерге төтеп беруге көмектеседі», - деді  Гүлмира Иманбаева.

Дәрігер, сондай-ақ, микроэлементтер мен дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну арқылы қысқа уақыт ішінде ағзаның резервтік күшін жоғарылатып ,әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейтуге болатынын айтты. Оның ішінде ағзада қажетті дәрумендерді өзі түзуге қабілетті D дәруменін атап өтті.  

«Сондай-ақ, дұрыс тамақтану иммунитетті нығайтуда көп пайдалы.Қажетті микроэлементтерге бай азық-түліктер бұлар: көкөністер, жемістер, ет, сүт ,жаңғақтар, ботқа», - деді дәрігер.