Қазақстанда визалық режим жеңілдетілді
20 қыркүйек, 2024
Фото: Elordainfo.kz
Қазақстанда визалық режим жеңілдетілді. Қазірдің өзінде 80 астам мемлекеттің азаматтары елге визасыз кіре алады. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықов ОКҚ өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, 109 мемлекеттің азаматтары электрондық визаны онлайн форматта жасай алады.
«Қазіргі кезде 1 айға дейін туризм мақсатымен келетін шетелдіктерге ешқандай тіркеуге тұрудың қажеті жоқ. Олардың келгені туралы қабылдаушы тұлғалар ғана хабарлауға тиіс», - деді Аслан Аталықов.
Ұқсас жаңалықтар
6 маусым, 2026
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері жаңартылды: министрлік түсінік берді
5 маусым, 2026
Жыл басынан бері агрегаторлар арқылы инватаксиге 172 мыңнан астам тапсырыс берілді
5 маусым, 2026
Полиция велосипедпен жүргенде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды
4 маусым, 2026
Елімізде ғалымдарға арналған әлеуметтік демалыстың жаңа түрі енгізіледі - Максим Споткай