00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

LRT құрылысы: Тіректерді тұрғызу жұмыстары толық аяқталды

20 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
LRT құрылысы: Тіректерді тұрғызу жұмыстары толық аяқталды
Бактыгуль Бурбаева

LRT құрылысына қажетті тіректерді тұрғызу жұмыстары 100% аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Жеңіл рельсті көліктің 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынды. 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды.

Оларды құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі - 6, 8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы 200 тонна.

«Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы, М600 маркалы бетоны қолданылады. В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады», - деп көрсетті «City Transportation Systems» баспасөз қызметі.