00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды

20 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елордада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы Білім басқармасының ұйыдастыруымен қаланың барлық жекеменшік, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына «Білім беру мекемелерінің жай-күйі және жалпы қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара №103 орта мектептің базасында басқарма басшысының орынбасары Н.Еламановтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Жиналыстың негізгі мақсаты - білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын жақсарту, қызметкерлер мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістеріне үйрету, сондай-ақ қауіп-қатерлердің алдын алу.

Бұл жиынға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында «Білім беру нысандарындағы терроризмге қарсы қауіпсіздік»,«Адамдар көп шоғырланған нысандарда, атап айтқанда білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау» тақырыбында баяндама оқылып бейнекамераларды ЖБО-ға қосу, ЖБО дабыл түймесі мен жедел әрекет ету тобының жұмыс істеуі, турникеттер арқылы өткізу режимінің жұмыс істеуі, объектінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортының болуы, автоматты өрт дабылының жұмыс істеуі бойынша бірқатар ұсыныс берілді.

Осы бағытта басқарма мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізетін болады.