00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шалғайда жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы төленуі мүмкін

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шалғайда жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы төленуі мүмкін

Медицина саласының дамуы кенжелеп қалған облыстардағы дәрігерлерге үстемақы төленуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Денсаулық министрлігі шалғай ауылдардағы маман тапшылығын осылай шешпек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Жекелеген бағдарламалар бойынша өңірге келген жас мамандар 3-4 жылдан артық тұрақтамайтын көрінеді. Сондықтан министрлік оны шешу үшін оларға жергілікті әкімдіктермен бірлесіп қолдау шараларын күшейтпек.



Шалғай тұрған облыс болғандықтан қазір осы келген мамандарға подемный дейді, қосымша жәрдемақы, еңбекақы жөнінде мәселе көтеріп жатырмыз. Келген мамандарға, жас маман болсын, еліме қайтам, қызмет жасаймын деген осы елдің дәрігерлері болсын әкімшілік жағынан да, министрлік жағынан да осы жәрдемақыны көтеріп, дәрігерлердің орнығып кетуіне көмектесуді алға қойып отырмыз мақсат етіп. Соны шешеміз, - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.