00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Магистратураға түсуге құжат қабылдау қашан басталады?

5 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Магистратураға түсуге құжат қабылдау қашан басталады?
Фото: ашық дереккөз

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1 758 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтуде. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.