Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты

Фото: Астана қаласы Білім басқармасынан
Бала кезінен қиын есептерді шешуге қызығатын астаналық оқушы Қилымбек Жайық №73 мектеп-лицейінің 10 б сыныбында оқиды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
Озат оқушы басқа пәндерге қарағанда математиканы ерекше жақсы көреді. Бүгінде ол күрделі есептерді шешудің әртүрлі оңай жолын тауып, қасындағы достарына үйретіп жүр.
«Біздің өміріміз есеп сияқты күрделі және оңай жолдары бар. Мен күрделі есептерге көп уақыт кетірмей оңайырақ шешуді бұрыннан ойлайтын едім. Қазір соның бірнеше жолын ойлап таптым», - дейді жас математик оқушы.
Кейбір логикалық есептерді көзбен көріп шешетін ақылды баланың болашағына мектептегі ұстаздары да үлкен сенім артатын айтады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:40
Alaqan pay: Оқушылар енді биометриялық төлем жасай алады

Бүгін, 09:15
Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізудің ұлттық моделін бекітті

17 қыркүйек, 2025
Елімізде ата-аналар комитетінің жұмысы қайта жасақталады

12 қыркүйек, 2025
Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды