Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын бөлісті

24 маусым, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: Instagram/sultankyzy

Көпке танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Оксфордқа барады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«University of Oxford BIRSoz ұйымынан шақырту алдым. BIRSoz – Оксфордтағы қоғамдық бастама. Түркі және Орталық Азия елдерімен мәдени, тілдік, ғылыми байланысты дамытуға бағытталған.  2024 жылдан бастап Оксфордта қазақ тілі ресми түрде оқытыла бастады. Бұл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ахмет Байтұрсынұлы институтымен бірлескен меморандум негізінде жүзеге асқан еді. Бұйырса, күзде 3 айға Ұлыбританияда, Оксфордта білгеніммен бөлісіп, қазақ тілінің дәрежесін арттыруға бар үлесімді қосу үшін жол жүремін. Қуанышты бөліссең, көбейеді дейді ғой. Сол үшін бірінші болып сіздермен осы жақсы жаңалығымды  бөлісіп отырмын. Еңбек нәтижесіз қалмайды», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.