Докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды
11 шілде, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
Фото: ашық дереккөз
11 шілдеде докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталды және 3 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info.
Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады.
Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (3 тамызға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2024
Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
18 қыркүйек, 2024
Білімге caлынғaн инвеcтицияның қaйтaрымы мол – Бекзат Жолжақсынов
18 қыркүйек, 2024
Министр WorldSkills Lyon-2024 халықаралық чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті
17 қыркүйек, 2024
Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтер тартыла бастады