Қазақ сыныбына баратындардың саны артып жатыр – Астана әкімі
22 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Сұлтан Сейіт
Елордада жыл сайын қазақ сыныбына баратындардың қатары артып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Брифинг кезінде БАҚ өкілі әкімге "Астаналық ата-аналардың балаларын қазақ сыныбына көптеп беру үшін акция ұйымдастыру керек шығар?", - деген сауал қойды.
Бұл бойынша жауапты басқарма жұмысын атқарып отыр. Оң динамика бар, - деп жауап берді әкім.
Елордада биыл 7 мектеп пайдалануға берілді. Әкімнің айтуынша, тағы 5 мектептің құрылысы аяқталуға жақын.
2028 жылға дейін 2 ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз, - деді Ж.Қасымбек.
Сабина КӘКІМЖАН
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты
21 қараша, 2024
Биыл жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге қаражат бөлінді
21 қараша, 2024
Астанада Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады