Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті
Румыния астанасы Бухарестте XXI халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:
Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы; Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.