Қазақстандық оқушылар Еуропа олимпиадасында жеті медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық оқушылар Еуропа олимпиадасында жеті медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Литвада өткен география пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – Дарын Бекбол иеленді. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды.

Қола жүлдені Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы – Микаэль Почукаев жеңіп алды.

Негізгі (үлкен) жас санатында (16-19 жас) Қазақстан құрамасының қоржынына медаль салғандар:

- Қостанай қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов;

- Талдықорған қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Ақжол Болат;

- Ақтөбе қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Әлихан Қалмағамбетов;

- Павлодар қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Мансұр Тұрсынғалиев;

- Талдықорған қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Рамиль Имашев.

Айта кетейік, EGeo олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат – география және экология саласына қызығушылықты арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырма және дала туры. Барлық тапсырмалар ағылшын тілінде орындалады. 2024 жылы Қазақстан құрамасы алты медаль еншілеген болатын.