Қазақстанда ғалымдарға арналған жаңа сыйлықтар тағайындалады
5 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Ашық НҚА порталында Ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстанда үздік ғылыми зерттеумен айналысқан ғалымдарға ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру көзделіп отыр.
Ғылым саласынағы сыйлықтар тізімі:
- Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлық – жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеу үшiн;
- Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық – гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеу үшiн;
- Александр Бараев атындағы сыйлық (үшеу) – аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмыс үшiн;
- Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлық – педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмыс үшiн;
- Күлтегін атындағы сыйлық – түркология саласындағы аса зор жетістіктер үшін;
- Жас ғалымдарға арналған Дінмұхамед Қонаев атындағы сыйлық – жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыс үшiн;
- Жас ғалымдарға арналған Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық – гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыс үшiн беріледі.
Бір адам ғылым саласындағы сыйлықты екі рет алуы үшін арада кемі 5 жыл мерзім өтуі тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2024
Елімізде 3 миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
18 қыркүйек, 2024
Білімге caлынғaн инвеcтицияның қaйтaрымы мол – Бекзат Жолжақсынов
18 қыркүйек, 2024
Министр WorldSkills Lyon-2024 халықаралық чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті
17 қыркүйек, 2024
Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтер тартыла бастады