Астаналық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Фото: Астана қаласы Білім басқармасынан
Астанадағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бұл қуанышты жаңалық — тек Жанайымның қажырлы еңбегі мен білімге деген ынта-жігерінің, мақсаткерлігінің жемісі ғана емес, сонымен қатар бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаздары мен қолдауын аямаған ата-анасының да зор еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.
Жанайым Жәнібекқызына алдағы үлкен өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастары қатарынан көрініп, ел үмітін ақтай беріңіз!», - деп жазды Қасымхан Сенғазыұлы.
Ұқсас жаңалықтар

1 қазан, 2025
«Білім теңсіздігін жою»: жаңа министр қандай жұмыстарға басымдық беретінін айтты

1 қазан, 2025
Тоқаев бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады

30 қыркүйек, 2025
Елде 300-ден астам балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді

29 қыркүйек, 2025
Мектептерде жаңа оқулықтардың апробациясы басталды