Алдағы жылу беру маусымына дайындық аясында Премьер-министр Олжас Бектенов жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етсін», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.
Еске сала кетейік, Премьер-министр жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.